RUS

|

KAZ

НӘТИЖЕЛЕР

Біздің нәтижелерімізді көріп, біздің қызметіміздің сапасына көз жеткізіңіз.

Уханова Меруерт

Косметолог Мадина Ибраевнаға ерекше алғыс айтқым келеді! Менің терім сіздің процедураларыңыздан кейін қайтадан жаралғандай! Әсіресе  массаждан кейін! Сіз өз ісіңіздің хас шеберісіз! Міне 7 жыл бойы мен осы орталықтың адал клиентімін, басқаларда да болатындығымды шынымен мойындаймын, бірақ сеніммен айта алатын бір нәрсе бар: ол "Tulip Medicine" Косметология орталығы Астана орталықтарының ең элиталыларының бірі. Маған жылы шырайлы қызметкерлер, мамандардың жоғары кәсібилігі өте ұнайды. Сіздердің бар екендігіңізге мың алғыс! Осы беттен таймаңыздар!

Жаңа қалада, әсіресе, менің жоғарғы талғамымммен және бұл сервис өте дамыған Алматыдан кейін жақсы косметологиялық орталық табу менің арманым болды.

     Міне, басқа орталықтарға жасалған сәтсіз қадамдарымнан кейін мен "Tulip Medicineге" жолықтым. Содан бері 10 жылдай уақыт өтті, мен өз дәрігерім Мадина Ибраевнаның және осы мекеменің жетекшісі Айгуль Климовнаның тұрақты, адал, тәнті клиентімін.

     Сіздің кәсіби шеберлігіңізге, зейінділігіңізге, түсінігіңізге, жеке көзқарасыңызға және кез келген проблемаға көмек көрсеткіңіз келген ниетіңізге, өз клиенттеріңізге сыйлайтын қуаныштарыңызға шексіз алғыс білдіремін. Орталық қызметінен бас тарту ешуақытта ойыма келмеді.

Маған қандай процедура қажет екендігін ешуақытта ойламаппын да, себебі менің емдеуші дәрігерім Мадина Ибраевнаның тәжірибесі мен кәсіби шеберлігіне толықтай сенемін. Процедуралардың мазмұны мен сапасын өте бағалаймын. Сондай-ақ, сіздердің жаңа тәсілдер, аппараттар және процедуралар іздеулеріңізді, және алғашқылардың бірі болып косметология саласындағы жаңа білімдерді меңгеретіндеріңізді бағалаймын. Сосын дәрігерлер Лариса және Асемаға алғыс айтқым келеді...

      Қызметкерлерге тамаша көңіл-күйлері мен клиенттерге деген ықыластары үшін рақмет . Сізге табыс, өркендеу, оптимизм тілеймін! Әрқашан да Сізге адал Жанна А.

Жанна Ахметова

Жанна Аубакирова

Мен 37 жастамын және бұл туралы мақтанышпен айта аламын. Косметология орталығына тұрақты келетіндіктен және жақсы генетиканың арқасында маған  бәрі он жас кем береді  :) мен ол жерді қалай таптым? Тері проблемасы менде ешқашан болған жоқ .. Сонда да косметологқа бару керек болғандықтан, мен 2 жыл бұрын елдің кеңесі бойынша бет тазалатуға бардым. Жалған косметологтың қолына түскендіктен, менің бетіме инфекция еніп кетті. Менің бетімде іріңді бөртпелер пайда болды. Бетім-менің жұмысым болғандықтан,  әбден абыржып қалдым және налыдым, тоналды креммен және т.б. жасыруға тырыстым. Косметолог маған ішек инфекциясы және т.б. туралы айтты. Мен дабыл қақпағанша үш айдай уақыт осылайша өтті және маған дәл осы Орталыққа жүгінуге кеңес берілді.  Ол жақта емделуім менің қатем болса керек, бұл жерде мен кәсіби көзқарас пен қызмет көрсету сапасын сезіндім . Тамаша дәрігер Анелла Бисенбаевна менің іріңді бөртпелерімнің көзін толықтай жойды. Сол кезден бастап екі жыл бойы мен олардың тұрақты клиентімін. Маған орталықтың сервисі өте ұнайды, әрқашан уақытында телефон соғады, еске салады, саған нағыз дәл қажетті нәрсені ұсынады. Әрқашан орталыққа бару кестесін жарты жыл бұрын жасауға , осылайша өз таймингіңді жоспарлауға болады, бұл мен сияқты танымал адам үшін өте маңызды!!! Бәріңе кеңес беремін! Өзімнің сүйікті докторымды, сұлулық феясы Анелла Бейсембаевнаны -  бағалаймын және сыйлаймын ! Сіздерге  табыс пен гүлдену тілеймін!

Менің атым Альбина. Сіздің тамаша «Косметология орталығыңызға» тұрақты түрде келіп тұрамын және ылғи да косметологтың кәсіби жұмысына риза болып келемін. Сіздің орталыққа сапалы жұмысы мен жақсы қызмет көрсеткеніңіз үшін зор алғыс білдіргім келеді. Құрбымның кеңесімен безеулі проблемалық тері кесірінен  көмекке жүгіндім. Менің дәрігерім - Айтенова Гаухар Кытайбековнаға үлкен алғысымды білдіргім келеді, мен алған процедуралар кешенінен кейін менің терім айрықша көркем көрінеді! Гаухар Кытайбековнаның кәсіби шеберлігі зор және өзі тамаша адам. Орталықтың әкімгерлері өте тартымды да мейірлі қыздар, әрқашан жылы жымиып қарсы алады. Орталықтың өзі ұядай, жайлы, ең бастысы таза. Сіздің орталыққа келіп кеткесін тек қана бет жақсарып қоймайды, көңіл-күйде жақсарады.

Сіздерге үлкен рақмет!!!

Альбина Шамурзина

Кабылова Светлана

  Үйімнің жанында болғандықтан, республика даңғылында орналасқан "Косметология орталығына"  алғаш рет кездейсоқ келдім, менің жолым болып, бірден тәжірибелі, өзіне жақын тарта білетін косметолог - Карлыгаш Кисметовнаға кезіктім! Қазір мен Бараев көшесіндегі орталықта, тамаша дәрігер, Астананың ең үздік косметологы Анна Сергеевнадан ем қабылдап жүрмін! Жалпы алғанда мен "Косметология орталығымен"   10 жыл біргемін және біздің бірлескен қызметіміз мықты достыққа ұласты. Бәрінен бұрын маған Орталық қызметкерлерінің өз жұмысын сүйетіндігі, қызметтерін  жағымды көрсететіндігі, жанға жайлы жағдай жасалғандығы ұнайды. Осы уақыт ішінде процедураларда тығыз танысу бақыты бұйырған дәрігерлердің бәрі өз ісінің шеберлері. Сіздерге сұлулығымыз үшін рақмет! Оксана Михайловна – сіздің массаждарыңыз теңдессіз. Сіздің қолдарыңыз алтын!  Осы әлемде баршаға шын жүректен көмектескісі келетін және өз кәсібін өте жақсы көретін адамдар бар екендігіне өте қуаныштымын. Бұл жерде, осы орталықта ізгі ниеттілік пен жылы шырай аурасы сезіледі.

Косметология орталығына мен кездейсоқ келдім. Бірінші рет кеңес алуға келдім де, бірден Гульмира Рашитовнаның қабылдауына кезіктім. Өз ісін білетін, жоғары білікті қызметкер, жеткілікті түсіндіреді, сыпайы және өте тартымды әйел. Міне, көп жылдар бойы мен бұл орталықтың адал да сенімді клиентімін. Қызмет көрсету, қарым-қатынас, қамқорлық, дәл мен үшін іріктеліп алынған жеке процедуралар – осылар үшін мен бұл орталықты бағалаймын және жақсы көремін. Сізге гүлдену мен табыс тілеймін!

Умит Оразгалиева

Шолпан Игибаева

Мен үшін  "Косметология орталығы"  жаныма жақын жер болып табылады. Бұл жерге мен зор ықыласпен келемін,себебі мен бұл жерде лайықты, сенімді және шын мәнінде сұлу болып көрінуге көмектесетін жоғары білікті мамандар жұмыс жасайтынын білемін!

Косметологиялық қызметтер таңдауы орасан – орталық заманға сай – әлемдік жаңалықтар дереу меңгеріледі және жоғарғы дәрежеде жүргізіледі.

Осы нәзік жұмыста мықты білімі мен машықтары бар дәрігер-дерматокосметолог Салимова Нургуль Абдикадыровнаны ерекше атап өткім келеді. Пациенттердің қажеттілігін нәзік сезінеді. Бұл күрделі жұмыстың барлық ерекшеліктерін өте жақсы біледі.Оның өзінің кәсіби деңгейін тұрақты арттырып отыруы үлкен құрметке лайық. Оған мен бұл дәрігердің менің, сондай-ақ басқа да өз пациенттерінің  жасалған процедуралардан қуанышты әрі риза болуына бар күшін салатындығына сеніммен барамын.

 

Әр адам үшін ең қымбат зат- бетінің күтімі үшін тек қана Астана қаласындағы косметология орталығы бар.

"Дейінгі" және "кейінгі" нәтижелер

Қаланың таңдаулы

мамандарына жазылыңыз

Байланыстар

"Хайвилл Астана" ТК

Республика даңғ., 25

Бараев көшесі, 21 Б

Мамбетов көшесі, 8/2

8 (7172) 51 34 32

8 (701) 913 60 50

8 (7172) 30 93 27

8 (701) 795 38 12

8 (7172) 99 74 00

8 (701) 795 38 11

8 (7172) 44 00 01

8 (701) 800 62 66

info@t-med.kz

Біз әлеуметтік желілердеміз

«Tulip Мedicine» Косметология орталығы, Астана қаласы. © Барлық құқықтар сақталған.